Ұлытау облысында жол бойында көлік өртеніп, жүргізуші мерт болды

СӘТБАЕВ. ҚазАқпарат – Әлеуметтік желіде Сәтбаев қаласында көліктің өртеніп жатқан видеосы пайда болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлытау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұлытау облысында жол бойында көлік өртеніп, жүргізуші мерт болды

«25 қазан күні Жезқазған – Есіл – Петропавл трассасында, Сәтбаев қаласынан Жезқазғанға шыға берер жолда Mercedes көлігінің 58 жастағы жүргізушісі рульге ие бола алмай, қаланың атауы жазылған бағанға соғылған. Оқиға салдарынан көлік өртеніп, жүргізуші оқиға орнында мерт болды»,-деп хабарлады Ұлытау облыстың Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Аталған факт полицияда тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу жүмыстары жүріп жатыр.


Видеодан алынған кадр