Ұлытау облысындағы 72 ауылдың жартысы ауыз сумен қамтылмаған

None
ЖЕЗҚАЗҒАН. ҚазАқпарат – Ұлытау облысындағы 72 ауылдың жартысы ауыз сумен қамтылмаған. Бұл туралы Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелері бойынша кеңесте мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап.

Үкімет басшысы атап өткендей, жергілікті халықты толғандыратын өзекті мәселелердің бірі – сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету. Бұл мәселе Жезқазған мен Сәтбаев қалаларында аса өзекті.

Былтыр өңірде Үйтас-Айдос жер асты сулары кен орнының сорғы стансасын реконструкциялау басталды. Жоба 2024 жылы аяқталады деп жоспарланған. Сонымен қатар, биыл көптен бері бітпей келе жатқан Есқұла су құбырының құрылысы аяқталуы тиіс.

Облыстағы 72 ауылдың тек 38-і ғана ауыз сумен қамтамасыз етілген.

Осыған байланысты әкімдік жергілікті бюджеттен 30 ауылды кешенді блок-модульдермен жабдықтауға қаражат қарастыруы қажет. Ал, қалғандары бойынша кейіннен республикалық бюджеттен қаржыландыру үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуді жеделдету керек

, - деп тапсырды Премьер-Министр.


Соңғы жаңалықтар
telegram referendum