Ұлытау облысындағы құрғақ шөп жануы толық сөндірілді
ЖЕЗҚАЗҒАН. ҚазАқпарат - Төтенше жағдайлар министрлігі Ұлытау облысындағы құрғақ шөп жануы толық сөндірілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Өрт кешкі сағат 20:06-да жойылды.
Өрт аумағын жергілікті атқарушы органдардың құзыретті қызметтері белгілейді.
Өртті сөндіруге Ұлытау облысының ТЖД өрт сөндіру қызметі мен жергілікті атқарушы органдардың күштері мен құралдары жіберілді», - деп жазды ведомстводан.