Ұлытау облысының прокуроры Жарқынбек Бақашбаев қызметінен босатылды

ЖЕЗҚАЗҒАН. ҚазАқпарат - Бас прокурордың бұйрығымен Ұлытау облысының прокуроры Жарқынбек Кендірбекұлы Бақашбаев басқа лауазымға ауысуына байланысты қызметінен босатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұлытау облысының прокуроры Жарқынбек Бақашбаев қызметінен босатылды
Фото: instagram.com/prokuratura_obl__ulytau

Бұл жайында облыстық прокуратураның Instagram парақшасынан белгілі болды.

Айта кетейік, Жарқынбек Бақашбаев жаңадан құрылған Ұлытау облысына былтыр 27 шілдеде прокурор болып тағайындалған еді.