ULYTAU тобы Еуропада жаңа альбом шығаруда

НДАҒЫ ФРАНКФУРТ. Шілденің 21-і.  ҚазАқпарат /Ержан Оспанов/ -  Қыдырәлі  Болман жетекшілік ететін ULYTAU тобы     атақты MANOWAR тобымен бірге әлемдік     турнеге  дайындалуда.

ULYTAU  тобы Еуропада жаңа альбом      шығаруда

Бұл  -     қазақ эстрадасында  өзіндік    орны бар    топтың   ең жарқын,  кәсіби және бірегей  жобасы.

ULYTAU тобы  2001   жылы  құрылған,    содан   бері  топ    көптеген  наградаларға ие  болып  келеді, әлемнің көптеген  елдерінде   гастрольдермен  болды.  Музыканттар  АҚШ,  Германия,  Англия,  Қытай,  Жапония,   Вьетнам, Түркия,  Польша,  Ресей  және   басқа да көптеген  елдерде   концерттер берді.    Оған қоса,   ULYTAU   гастрольдік  тур  аясында  Лондондағы   Халықаралықк  көрмеде өнер  көрсетті,      Қазақстанның Қытайдағы    Мәдениет күндері аясында  Шанхай  және     Бейжің  қалаларында өткен шараларға  қатысты.

Осыдан  бір жыл бұрын   топтың  өмірінде  түбегейлі  өзгеріс  болды.  Топтың  продюссері  Қыдырәлі Болман  Франкфуртте   немістің «iMusic TV» және  «iMusic Records»   медиа-холдингінің       негізін қалаушылар -  Дмитрий Законмен,  Анар Рейбандпен  және  Марко Квиринимен  келіссөз   жүргізді. Аталған    азаматтардың  Қазақстанға жауап сапарынан кейін    келісімшартқа қол қойылып,  алдағы   қадамдар  мен   промо-жоспарлар     талқылана  бастады.  Келісімшартқа  қол қойылғанына бір ай   өтпей жатып,     топ  "Two Warriors» альбомының  еуропалық нұсқасын  жасауға  кірісіп кетті. Жақын күндері  жарық көріп   қалатын  бұл альбом алдымен - Германияда, кейіннен - басқа  елдерде  таныстырылады.

«iMusic Records»  компаниясымен арадағы ынтымақтастық   біз үшін өте маңызды  сәт  болып  отыр, -  дейді   топтың продюссері Қыдырәлі Болман.  - Себебі  бұл  тек  Еуропаға   және  әлемге  танылу  емес,  бұл, бірінші кезекте,   біздің еліміздің   беделін      көтеру. Біз, адамдардың  Қазақстанды танып  білгенін қалаймыз,   оның тек   сайын  дала мен   биік таулар  ғана  емес,       уақытпен  ілесіп келе жатқан   сапалы музыка,  мәдениет  екенін  білсе  дейміз».

Ағымдағы жылы    қазақстандық топ өз шығармашылығының      халықаралық  шекарасын  кеңейтіп,      айтулы еуропалық шараларға  қатысты. Шілденің 1-5-і аралығында   Бухаресте   өткен «B'ESTFEST» фестиваліне қатысқан ULYTAU,   Carlos Santana, Manowar, Franz Ferdinand, Motorhead, Killers, Moby, Holyhell  және  басқа да    танымал     жұлдыздармен бір сахнада   өнер көрсетті.   Дәл  сол жерде    олар «металл музыкасының королі»  атанып  жүрген MANOWAR тобының көзіне  түскен. Немістің «Magic Circle Festival» рок-фестивалін   ұйымдастырушылардың бірі  болып табылатын MANOWAR тобының жетекшісі Джои    Демайо  ULYTAU  тобын    концертке  шақырады.      Оның айтуынша,    ULYTAU   тобы -   музыка әлеміндегі Қазақстанның лайықты елшісі.

ULYTAU  алдағы жоспарларына келетін болсақ,  олар  «Two Warriors» альбомының  еуропалық релизін дайындап жатыр,  ал    шілденің  24-інде  MANOWAR  тобымен  бірге  Мәскеуде өнер  көрсетеді, сондай-ақ  олар     осынау ауыр музыка  «монстрларымен» бірге  әлемдік  турнеге аттанбақ.