Үміткердің қайсысы мықты екенін сайлау ғана анықтайды – Ерлан Қошанов

АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР президентін сайлауда кандидаттардың қайсысының мықты екенін сайлау ғана анықтайды. Бұл туралы Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Үміткердің қайсысы мықты екенін сайлау ғана анықтайды – Ерлан Қошанов
Фото: parlam.kz

«Үміткердің қайсысының мықты немесе осал екенін сайлау ғана анықтайды, яғни халық оған бағасын береді. Алдағы сайлаудың тағдырын сайлаушылар шешеді», - Мәжіліс төрағасы палатаның отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында.

Сонымен қатар Е. Қошанов 11 қарашада өтетін кандидаттар арасындағы теледебатқа Президенттің атынан неге қатысатынын түсіндірді.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз өкілеттігін жалғастырып жатыр және жұмыс кестесі өте тығыз. Президент ретінде мемлекеттің бүкіл тағдырына, ішкі әрі сыртқы саясатына жауап береді. Сыртқы саясат пен ішкі мәселелер үгіт-насихат жүргізуін күтіп тұрмайды. Екіншіден, дебатқа штабтың атынан өзінің өкілінің қатысуы сайлау заңнамасына қайшы келмейді», - деді Мәжіліс төрағасы.

Бұдан бұрын хабарланғандай, жақында теледебатқа қатысатын кандидаттар тізімі бекітілді.

ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Анастасия Щегорцова қазіргі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 11 қарашада өтетін сайлау алдындағы телевизиялық пікірталасқа неліктен қатыспайтынын түсіндірді.

Фото: parlam.kz