Үміткерлер шалғай елді мекенде үгіт-насихат жүргізді
ҚАЗАЛЫ. ҚазАқпарат - «Nur Otan» партиясынан Қазалы аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Нұрғиса Жалғасбаев, Райымбек Бөлебаев, Алтынкүл Құрақбаева мен Дінислам Абилов Кәукей ауылында болып, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
Кандидаттардың Кәукей ауылындағы кездесуіне барлық эпидемиологиялық санитарлық талаптарды сақтай отырып 20 тұрғын қатысты.
Кездесуде үміткер Нұрғиса Жаппарбергенұлы, партияның 5 жылға жасаған бағдарламасы негізінде «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 375 жас маманды ауылға тұрақтандыру үшін тұрғын үй беру, көтерме жәрдемақы беріп жағдай жасайтындығын ерекше атап өтті.
Сондай-ақ кездесу барысында кандидаттар шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы, мемлекеттік органдармен бірлесіп жастардың жұмыспен қамтылуына партия ерекше жұмыс жасайтындығын жеткізді.
Кандидатармен кездесу барысында ауыл тұрғындары өздерін толғандырып жүрген мәселелерді алға тартып, ұсыныстарын да жеткізді.
«Nur Otan» партиясы Қызылорда облысы, Қазалы ауданының Сайлау қорының қаражатынан төленді.