Үміткерлердің жоқтығына байланысты Албания президентінің сайлауы тоқтатылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Албанияда президент сайлауына қатысатын бірде-бір кандидаттың болмауына байланысты бірінші кезең тоқтатылды. Бұл туралы Албания телеграф агенттігіне сілтеме жасап Life.ru хабарлады.

Үміткерлердің жоқтығына байланысты Албания президентінің сайлауы тоқтатылды

Парламент құқығы комитетінің басшысы Василик Хуси 19 сәуір күні арнайы мәжіліс өткізіп, онда мемлекет басшысы лауазымы үшін сайлауға түсетін кандидаттардың жоқ екендігі анықталды, деп жариялады.

«Мұндай жағдайда Конституция комитеті пленарлық мәжіліске қатысушыларға президент сайлауының бірінші кезеңінің аяқталғандығы туралы есепті ұсынады»,-деді ол.

Алайда, республика парламентінің төрағасы Илир Мета сайлаудың екінші кезеңін жүзеге асыру үшін депутаттарға жаңа мәжіліс шақыруды ұсынды.