Умра қажылығына қатысты шектеу болмайды

АСТАНА. 17 қараша. ҚазАқпарат - Сауд Арабиясының Қажылық істері жөніндегі министрі Бандар Хаджар ұмраға қатысты визалық шектеудің болмайтынын мәлімдеді, деп жазады muslim.kz.

Умра қажылығына қатысты шектеу болмайды

Естеріңізде болса, биыл қажылық сапарына Меккедегі мешітті кеңейту жұмыстарына байланысты шеттен келетін мұсылмандар үшін квота белгілеп, шектеу енгізілген болатын.

«Шектеу тек Рамазан айындағы ұмра кезінде және қажылық маусымында енгізіледі. Хижра жыл санауы бойынша алғашқы алты айдың ішінде кіші қажылығын өтегісі келетіндер үшін шектеу қойылмайды», - делінген министр мәлімдемесінде.

Сауд Арабиясының билігі биылғы қажылық кезінде шетелдік қажыларға берілетін визаның 20 пайызын, ал отандастарына берілетін визаның 50 пайызын қысқартқан болатын.