Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Үміттің Балқаштағы алғашқы 10 күні: жолбарыс қасқыр мен қабан аулаған

АСТАНА. KAZINFORM — Үміт жолбарысы табиғи ортаға бейімделіп келеді, деп хабарлайды Экология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі.

Үміт есімді жолбарыс
Фото: Kazinform

Мамандар Үміттің қозғалысын GPS-қарғыбау арқылы күн сайын бақылап, жүрген аумақтарын зерттеп жатыр. Жолбарыс болған жерлерге кейін далалық тексеру жүргізіледі.

Үміттің Балқаштағы алғашқы 10 күні: жолбарыс қасқыр мен қабан аулаған
Фото: Gov.kz

Мониторингтің алғашқы күндерінде Үміттің өздігінен аң аулай алатыны анықталды. Ол қасқырды аулап, бірнеше күн бойы сол олжамен қоректенген. Кейін жабайы қабанды да ұстаған.

Үміттің Балқаштағы алғашқы 10 күні: жолбарыс қасқыр мен қабан аулаған
Фото: Gov.kz

Мамандардың айтуынша, бұл оның жаңа ортаға бейімделіп, табиғи жағдайда өздігінен тіршілік ете бастағанын көрсететін маңызды белгі.

Қазір Үміттің қозғалысы тұрақты бақылауда. Алғашқы 10 күннің нәтижесі жолбарыстың табиғи ортаға бейімделу үдерісінің сәтті өтіп жатқанын көрсетіп отыр.

Үміттің Балқаштағы алғашқы 10 күні: жолбарыс қасқыр мен қабан аулаған
Фото: Gov.kz

Айта кетейік, 3 тамызда «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватының аумағында тарихи оқиға болды. Қазақстанда 70 жылдан астам уақыттан кейін алғаш рет табиғи мекеніне Амур жолбарысының Үміт атты аналығы жіберілді.

Бұған дейін Экология министрлігі Іле-Балқаштағы жолбарысқа қатысты ақпаратты жоққа шығарды.