20:47, 28 Сәуір 2013 | GMT +5
Үнді банкирі 250 мың долларға алтын көйлек сатып алды
АСТАНА. 28 сәуір. ҚазАқпарат - Үнділік Пимпри-Чинчвад қаласындағы 32 жастағы банкир Дата Фадж әлемдегі ең қымбат көлек сатып алды. Бұл туралы 24 KZ хабарлады.

24 караттық алтын жіптермен түрлі-түсті ою салынған ақ барқыттан тігілген бұл көйлекті 2 апта бойы 15 маман қолмен тігіп шықты, салмағы - 3 келі 300 грамм. Әлемдегі ең қымбат көйлектің бағасы 250 мың доллар тұрады.
Ол өзінің дәулетін қымбат бағалы металға сәтімен инвестициялап, өзінің бүкіл өміріндегі арманын орындады. Колледжде оқып жүрген кезінен-ақ ол алтынға малынып, өзінің байлығының игілігін көруді армандаған болатын.
Фадж әйелін де үлде мен бүлдеге орауды ұмытқан жоқ. Оның әйелі де алтынға құмар. Оның коллекциясында күйеуі сыйға тартқан жарты мың келіге жуық алтын әшекейлер бар.