Үнді ғалымдары: Махаббатты нақты өмірден іздеңдер. Виртуалды қатынас жақсылыққа апармайды
АСТАНА. 12 тамыз. ҚазАқпарат - Үндістанның Уттар-Прадеш штатындағы Лукнов қаласында тұратын үнді ғалымдары әйелдердің өз фотосуреттерін елдің назарына ұсынуын «шариғатқа қайшы әрекет» деп санайды, деп хабарлайды muslim.kz.
BT басылымының хабарына қарағанда, пірәдар Әбіл Ирфан Наймыл Халим әлеуметтік желіге фотосуретін орналастырған әйелдің бұл әрекетін өзгелер басқаша жорып, бұзық ойға баруы мүмкін екендігін жасырмады.
«Махаббатты нақты өмірден іздеңдер. Виртуалды қатынас жақсылыққа апармайды», - деді үнді ғалымы. Алайда, ол фотосуретті іскерлік байланыс орнату мақсатында әлеуметтік желіге орналастырудың еш айыбы жоғын алға тартып отыр.
Ал Мәулана Аббас Накви есімді діндардің пікірі - әйел адам күйеуінің туыстарынан өзге, бөгде ер-азаматтарға мүлдем көрсетпеуі тиіс.