Үнді келіншегі күйеуінің фейсбукте статусын өзгертпегеніне бола ажырасып кетті

АСТАНА. 19 мамыр. ҚазАқпарат  - Үнді елінің Махараштра штатының тұрғыны күйеуімен айырылысуға бел буды, деп хабарлайды BAQ.KZ gjhnfks Daily Mail басылымына сілтеме жасап. Құдай қосқан қосағынан бас тартуына басты себеп Facebook көрінеді.

Үнді келіншегі күйеуінің фейсбукте статусын өзгертпегеніне бола ажырасып кетті

Атап айтқанда, бар пәле отағасының Фейсбукте өз статусын "үйленген" деген жазбаға ауыстырмауынан туындаған. Әйелі қанша өтінсе де статусын өзгертпеген күйеуі өзгерткенше әлеуметтік желідегі аккаунтын өшіруге әзір екендігін айтқан.

Осыдан соң шаңырақ шайқалып, ерлі-зайыптылар өз жөндерін тапқан. Келіншек өз достарына үйленгенін жасырған еркекке сенімі жоғалғанын жеткізген. Екеуінің отау құрғанына екі ай ғана болыпты.
Британдық Divorce-Online заңгерлік компаниясының зерттеуінше, әлеуметтік желі кикілжіңінен жастардың ажырасуы биылғы жылы осымен үшінші рет болып отыр екен.