04:27, 30 Шілде 2015 | GMT +5
Үнді мұхитынан табылған ұшақтың бөлігі малайзиялық «Боингтің» сынығы болуы мүмкін деген болжам бар
АСТАНА. ҚазАқпарат - Үнді мұхитында Реюньон аралының жағалауынан ұшақтың бөлігі табылды, деп жазады Би-би-си.

Болжам бойынша, бұл Malaysia Airlines компаниясының Куала-Лумпур-Бейжің бағытында 2014 жылы 8 наурызда ұшып шығып, ұшты-күйлі жоғалған "Боинг 777" ұшағының сынығы.
Франция билігі арал маңын зерттеуге кіріскенін хабарлаған. Айта кетейік, бұл арал Францияның жері болып табылады.
2 метрлік сынықты тазалаушылар тауып алған. Олар темір бөлікті балдыр басып қалғанын айтқан, бұл оның су астында көптен бері жатқанын білдіреді.
Естеріңізге сала кетейік, ұшақ бортында 239 адам болған.