Үнді мұхитында босқындар мінген кеме суға батып кетті

АСТАНА. Қарашаның 2-сі. ҚазАқпарат - Бортында қырыққа жуық адамы бар кеме Үнді мұхитындағы Кокос аралдары маңында суға батып кетті,
None
None

 деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента. Ру сайтына сілтеме жасап.

Алдын ала мәліметтер бойынша, кеме босқындарды тасымалдаған және Австралияға кетіп бара жатқан.

Австралия судан құтқару қызметінің ақпараты бойынша, кеме жексенбі күні, қарашаның 1-інде күндіз апат дабылын берген. Апат аумағына жеткен газ тасымалдаушы кеме судан 17 адамды құтқарып алды. Бұл уақытқа дейін қалған адамдар суға батып кеткен.

Соңғы жаңалықтар