Үнді мұхитында қуатты жер сілкінісі болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Үнді мұхитында, Индонезия мен Австралия аралығында магнитудасы 5,3 жер сілкінісі болды. Бұл туралы Гонгог метерологиялық обсерваториясынан мәлім етті.
Зілзала кіндігі Порт-Хедленд қаласынан солтүстікке қарай 430 шақырым және индонезиялық Бали аралынан оңтүстікке қарай 900 шақырым жерде тіркелген, деп хабарлайды ТАСС.
Зардап шеккендер және цунами қаупі туралы мәліметтер әзірге түсе қойған жоқ.