Үнді шахматшысы Вишванатан Ананд Лондондағы турнирде топ жарды

АСТАНА.ҚазАқпарат - Үнді шахматшысы Вишванатан Ананд Лондонда өткен шахмат турнирінің жеңімпазы атанды.

Үнді шахматшысы Вишванатан Ананд Лондондағы турнирде топ жарды

Жексенбі күні соңғы бесінші кезеңнің партиясында ол британдық Майкл Адамсты ұтты.

Ал Аниш Гири (Нидерланды) - Владимир Крамник (Ресей) және Фабиано Каруана (Италия) - Хикару Накамура (АҚШ) арасында өткен ойындар тең аяқталды.

Қорытынды бойынша : 1-3. Ананд, Крамник, Гири - 7 ұпайдан; 4. Накамура - 6; 5. Адамс - 4; 6. Каруана - 4 ұпай.

Жарыстың жүлде қоры 90 мың еуроны құрайды, деп хабарлайды ТАСС.