Үнді теңізінде 100 шақты адам жоғалып кетті
АСТАНА. 22 маусым. ҚазАқпарат - Кеме апаты салдарынан шамамен 100 шақты адам Үнді теңізінде жоғалып кетті. Оларды табу мүмкіндіктері жоқтың қасы, деп хабарлайды көліктік қызметтерге сілтеме жасаған Утро.ру.
Төтенше оқиға кеше Индонезия жағалауында болды. Жүзден астам адамды құтқару мүмкін болды, олардың барлығы - ер адамдар. Осыған байланысты құтқару операциясына қатысып отырған австралиялық билік көздері «суыт хабарларға дайын болу керек» деп мәлімдеді.