Үнділік деревняда 130-шы егіз дүниеге келді
АСТАНА. Тамыздың 7-сі. ҚазАқпарат - Үндістанның Солтүстік Керала деревнясында орналасқан Кодинджи деревнясында 230-шы егіз дүниеге келді,
деп хабарлайды үнділік бұқаралық ақпарат құралдары.
15 мың тұрғыны бар бұл деревняда егіздердің мұнша көп болуының себебін ешкім түсіндіре алмай отыр. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, бұл деревняға сырттан келгендердің көздеріне «қос көрінеді» екен. Дәрігерлер болса, бұл елді мекенде егіздердің саны нормадан 4 есеге артық екенін айтуда.
Кейбіреулер, бәріне экологиялық жағдай себеп дегенді айтуда: Кодинджи деревнясы жаңбыр маусымында суға толып қалып, елді мекенді басқа әлемнен бөліп тастайтын алқаптармен қоршалған. Әдетте егіздердің туылуына медициналық препараттар немесе кеш некеге тұру сияқты факторлар себеп. Бірақ, бұлардың ешқайсысы деревня тұрғындарына тән емес. «Дүниежүзінде егіздердің туылуына әсер ететін факторлар мұнда жоқ. Осынау феноменнің пайда болу себебі бізге беймәлім», - дейді жергілікті дәрігер.
Кодинджидегі ең қарт егіздер жұбы - 65 жаста, ал ең кішкентайлары - ағымдағы жылы маусымның 10-ында туылған.