Үнділік саясаткер қызының тойына 74 млн доллар жаратты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістандағы Карнатака штатының бұрынғы министрі қызының ұзату тойына ақшасын аямады, бұл той оған 74 миллион долларға түсті, деп хабарлайды Daily Mail.
49 жастағы Гали Джанардхана Редди (Gali Janardhana Reddy) салтанатты шарада шоу ұйымдастыру үшін сегіз боллибуд режиссерін жалдаған. Ал қыз ұзату тойына шақыру билеттері алтынмен айшықталған.
Бұл шара бес күнге созылды, қонақтар бұған қоса жергілікті көрнекі орындарды армансыз аралады, деп жазады lenta.ru.