Үндістан 800 млн. азаматын тегін тамақтандыруды қарастыратын бағдарлама қабылдамақ

АСТАНА. 5 тамыз. ҚазАқпарат - Үндістан парламенті халықтың үштен екі бөлігі үшін азық-түлікті субсидиялау бойынша бағдарламаны талқылауды бастайды.

Үндістан 800 млн. азаматын тегін тамақтандыруды қарастыратын бағдарлама қабылдамақ

ВВС-дің жазуынша, бағдарламаның негізгі элементі - ұлттық азық-түлік қауіпсіздігі туралы заңы Үндістан қазынасына жылына 24 млрд. АҚШ доллары көлеміндегі қаржыны жұмсауды қажет етеді. Бұл құжат қабылданған жағдайда - ол әлемдегі әлеуметтік қамтамасыз ету бағытындағы ең ірі желі болмақ.

Осы заң бойынша үкімет 800 миллион адамның әрқайсысына айына 5 келіден астық тарату міндетін мойнына алады. Заңды сынаушылар аталған бағдарлама Үндістанды ойсырататын популистік қадам деп атауда, ал оны қолдаушылар кедейшілікпен күресте маңызды шешім деген пікірде.

Бағдарламаны орындау үшін 30-дан астам заңды қабылдау қажет көрінеді.