Үндістан әскери әуе күштерінің екі жойғыш ұшағы апатқа ұшырады

АСТАНА. ҚазАқпарат – Үндістандағы әскери әуе күштерінің Су-30 және Mirage 2000 истребительдері Мадхья-Прадеш штатында оқу-жаттығу кезінде апатқа ұшырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК агенттігіне сілтеме жасап.
None

Агенттіктің NDTV телеарнасына сілтемемен хабарлауынша, ұшақтар Гвалиор қаласындағы әуе базасынан ұшқан. Содан кейін олар Морена қаласы маңында апатқа ұшыраған. Оқиға орнына құтқарушылар жетті.

Cу-30 истребителінің бортында екі ұшқыш, ал Mirage 2000-ның ішінде тек бір ұшқыш болған.

Үндістан Қорғаныс министрлігіндегі агенттік дереккөзі зардап шеккен екі ұшқыш табылғанын, олардың өміріне қауіп төніп тұрмағанын хабарлады. Үшінші ұшқыш тұрған жерге әскери әуе күштерінің тікұшағы ұшып шықты.

Үндістандағы әскери әуе күштерінің басшылығы оқиғаны тергеу үшін арнайы комиссия құрды. Сарапшылар апаттың себебі мен ұшақтар әуеде соқтығыспады ма деген сұраққа жауап іздейді.


Соңғы жаңалықтар