Үндістан әскері жүктерін пони жылқыларымен тасымалдайтын болады
АСТАНА. Желтоқсанның 14-і. ҚазАқпарат - Үндістан әскері биік таулы аумақтарда жүктерін тасымалдау үшін, таяу уақыттары, қодастарды пайдаланудан бас тартуды көздеп отыр,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента.Ру сайтына сілтеме жасап.
Бұл жануарлардың орнына жергілікті пони жылқылары - занискарилер пайдаланылатын болады. Джамма және Кашмир штаттарына енетін Ладакх облысындағы үндістандық әскерилер осындай 300 пони жылқыларын алады.
Бойлары 120-140 сантиметр болатын занискарилер биік таулы аумақтардағы қарлы жерлерде тіршілік етуге бейімделген. Мұндай понилердің орташа өмір сүру ұзақтығы 25 жылды құрайды және әрбір жануар 50-60 килә жүк тасымалдай алады. Қазіргі уақытта Үндістанның Қорғанысты зерттеу және әзірленімдер ұйымы (DRDO) келешекте занискарилердің өсіп-өнуін ұлғайтуға және олардың фенотиптік белгілерін жақсартуға мүмкіндік беретін зерттеулермен айналысуда.