Үндістан билігі ірі өзендерді құрғақшылық жайлаған аудандарға бұру шешімін қабылдады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістанның Су ресурстары министрі Ума Бхарати ел билігінің ірі өзендердің бір бөлігін құрғақ аудандарға бұру жобасын іске қоспақ.

Үндістан билігі ірі өзендерді құрғақшылық жайлаған аудандарға бұру шешімін қабылдады

Ел үкіметінің бағалауынша, қуаңшылық салдарынан тікелей немесе жанама түрде 330 миллионға жуық үнділік азамат зардап шегіп отыр.

Мамыр айының басында Үндістанға жоғары температуралар толқыны келді - елдің көптеген аудандарында термометр бағаны Цельсий бойынша 40 градустан жоғары көтерілді.

Министрліктің жобасына сәйкес, құрғақшылық болған аудандар үшін суды ірі өзендер - Брахмапутра мен Гангтан, сондай-ақ Гималай мұздықтарынан алуға болады.

«Жұртшылық бұл жобаны қолдауда, көшуге де қуана келісіп отыр», - деп мәлімдеді Би-би-си агенттігіне елдің Су ресурстары министрі.