Үндістан екінші сүңгуір қайығын жасамақшы
АСТАНА. Тамыздың 20-сы. ҚазАқпарат - Үндістанның Әскери-Теңіз күштері үшін екінші сүңгуір қайықтың ұлттық әзірленімі таяу болашақта даяр болмақшы,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента.ру сайтына сілтеме жасап.
«Арихант» («Жауларды жойғыш») деп аталатын тұңғыш үндістандық атом сүңгуір қайығы Вишакхапатнам қаласындағы кеме жасау зауытында шілденің 26-сында суға түсірілген болатын. Субмаринаны сынақтан өткізу және оның бортынан зымыран ату Бенгал шығанағында жүргізілетін болады.