Үндістан электр стансысындағы құрбандардың саны 49 адамға жетті
АСТАНА. Қыркүйектің 26-сы. ҚазАқпарат - Үндістанда салынып жатқан электр стансысындағы жүз метрлік құбырдың құлауы кезінде қаза тапқандардың саны 49 адамға жетті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Ресейдің «Жаңалықтар» агенттігіне сілтеме жасап.
Апат Балко-Нагар кентінде салынып жатқан Balco алюминий компаниясында орын алды. Онда қуаттылығы 1200 мегаватт көмір электр стансысы тұрғызылып жатқан болатын.
Құтқарушылар үш күн бойы бел жазбай тау болып үйілген кірпіштерді тазартуда. Үйінділердің астында адамдар болуы мүмкін. Құтқару жұмыстары барысында құрбандардың саны артуы ықтимал. Жарақат алған ондаған адам ауруханаға жеткізілді.