Үндістан елге ТМД елдерінің әйел өкілдері кіруін күрделендіріп жатыр
АСТАНА. 17 қаңтар. ҚазАқпарат - Үндістан өкіметі елге ТМД елдерінің әйел өкілдері кіруінің ережелерін күрделендіру бойынша жоспарлары туралы хабарлады, деп хабарлайды Утро.ру.
Бұл жаңалық 15-40 жас аралығындағы Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Украина елдерінің әйел адамдарына қатысты болмақ. Үндістан елінің СІМ бұл елдер аумақтарындағы өзінің дипломатиялық миссияларына тиісті ұсынысын жіберіп үлгерді.
Кіру ережелерін күрделендірудің себебі - посткеңестік республика әйелдеріне қатысты сексуалдық пайдалану оқиғаларының жиілеуі болды. Жергілікті құқық қорғау органдарының мәліметтері бойынша, ТМД елдерінің 3,5 мыңға жуық әйелдері Дели қаласында жезөкше болып жұмыс істеп жүр.