Үндістан халқы бүгін көктемді қарсы алуда

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Үндістан халқы осымен екінші күн қатарынан ең жарқын мереке - Холиді, яғни үнділік көктем мен күн мерекесін атап өтуде. Бұл күн әрі бенгалдық Жаңа жыл. Мереке бүкіл әлемге түрлі-түсті бояулар фестивалі ретінде танымал, - деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.
None
None

Бояулар - бұл мерекенің ажырамас бөлігі. Бірінші күні түнде адамдар аулаларға от жағып, би билейді. Ал ертеңіне әйелдер мен еркектер, қарттар мен балалар бір-бірінің үстіне түрлі-түсті ұнтақтар себеді, боялған сулар шашады. Адам түрлі-түсті бояуға қанша көп малынса, оған соншама көп игі тілектер айтылды деп саналады. Яғни бұл күні басқа адамның үсті-басына бояу жағу - сол адамға игі тілектер айтумен бірдей.

Соңғы жаңалықтар