Үндістан халқы Наурыз мерекесінде қазақтың ұлттық өнеріне тәнті болды (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістандағы Қазақстан Республикасының Елшілігі Нью-Делидегі бірқатар елдің елшіліктермен бірлесіп Наурыз мерекесін атап өтті. Іс-шараға Үндістанның Сыртқы істер министрінің орынбасары Прити Саран қатысты.

Үндістан халқы Наурыз мерекесінде қазақтың ұлттық өнеріне тәнті болды (ФОТО)

Наурыз мерекесіне орай өткен шарада әншілер, бишілер және музыкалық ансамбльдер жиналған қауым алдында өнер көрсетсе, ұйымдастырушы елдер өздерінің ұлттық тағамдары қойылған дастархандар жайды. Үндістанда Наурыз мерекесі осымен екінші мәрте тойланып отыр. Биылғы көктем мерекесіне Делидің және Үндістанның басқа қалаларының мыңдаған тұрғындары қатысты.

Үндістандағы Қазақстан Республикасының Елшлігінің хабарлауынша, қонақтар арасында қоғам қайраткерлері, танымал саясаткерлер, дипломатиялық миссиялардың басшылары, іскер топтың және бұқаралық құралдардың өкілдері болған.

Мәдени шара барысында «Көк түріктер» қазақ ансамблі концерт қойып, жиналған қауымды тәнті етті. Ансамбль халық әндері мен күйлерін және белгілі сазгерлер мен авторлардың шығармаларын орындады.

Жиналған қауымға Қазақстан елшілігі үнді астанасының тұрғындарының көңілінен шыққан еліміздің ұлттық тағамдарын ұсынып, ұлттық киімдер мен зергерлік бұйымдарын көрсетті.

null null null null null null null null