Үндістан - қару-жарақтың әлемдегі ең ірі импорттаушысы болып шықты

АСТАНА. 14 наурыз. ҚазАқпарат -"Үндістан, қару-жарақтың ең ірі импорттаушыларының тізімінде бірінші орын алып отыр.

Үндістан - қару-жарақтың  әлемдегі ең  ірі  импорттаушысы  болып шықты

Бұл тізімді Стокгольмдегі Халықаралық әлем проблемаларын зерттеу институты жасап отыр", - деп хабарлайды Utro.ru сайты.

Сарапшылардың мәліметі бойынша, Дели 2006-2010 жылдардың аралығында әлем бойынша сатылған барлық қару-жарақтың 9 пайызын сатып алған. Бұл тізімде екінші орында - Қытай мен Оңтүстік Корея, ал үшінші орында Пәкістан тұр.