10:24, 21 Наурыз 2014 | GMT +5
Үндістан Қытайға жоғалған Boeing 777 ұшағын ел аумағындағы сулардан іздеуге рұқсат бермеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістан Қытайдың одақтас аумақтағы Андаман және Никобарск аралдарының жағалауынан «Малайзия әуе желісінің» жоғалған Boeing 777-200 лайнерін іздеу шараларына қатысуға жасаған ұсынысын қабылдамаған жоқ.
Бұл туралы The Times of India газетінің сайтында хабарланған.
Басылымның мәліметтері бойынша, Қытай төрт кеме, соның ішінде екі фрегат пен құтқарушы қайық жібермек болған. Үндістанның әскери теңіз күштері ұшақты іздеуді жандандырып, төрт ұшақты, жекелей алғанда, INS Satpura және INS Sahyadari фрегаттарын жұмылдырды.Кейінірек бұған қоса үш ұшақ аттандырды.
Еске сала кетсек, Куала-Лумпур-Бейжің бағыты бойынша рейске шыққан Boeing 777-200 ұшағының бортында 227 жолаушы мен 12 экипаж мүшес болған. Ұшақпен байланыс ол Малайзияның астанасынан 7 наурыз күні ұшып шыққаннан кейін екі сағаттан соң үзілген.