Үндістан мен АҚШ ядролық энергетика мәселесін шешті
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ президенті Барак Обама мен Үндістан премьер-министрі Нарендра Moди ядролық энергетика саласында екі ел арасындағы ынтымақтастыққа кедергі келтірген келіспеушілік өз шешімін тапты деп жариялады.
Нью-Дели қаласындағы бірлескен баспасөз мәслихатында премьер-министр Moди бұл мәселе бойынша екіжақты келісім-шарт 6 жыл бұрын өз күшіне енгенімен, енді ғана өз шешімін тауып отырғанын айтты. Ал Обама АҚШ экологиялық таза энергия көздерін дамыту саласында Үндістанмен бірлесіп жұмыс істейтіндерін мәлімдеді, деп жазды khabar.kz.