Үндістан мен Қазақстан боксшылары елордада жаттығу өткізуде

АСТАНА. ҚазАқпарат -  Үндістан боксшылары Астанада Қазақстан құрамасымен бірге жаттығу өткізуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат  тілшісі.

 Үндістан мен Қазақстан боксшылары елордада жаттығу өткізуде

Біріккен оқу-жаттығу жұмыстары елорда төріндегі «Бокс орталығында» өтіп жатыр. Бұл екі команда да 30 сәуір күні Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында өтетін Азия біріншілігіне қатысады.

Осыдан бірер күн бұрын бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері ҚазАқпарат тілшісіне сұхбат беріп , «Астанаға Үндістан боксшылары келе жатыр. Олармен Азия ойындарына бірлескен оқу-жаттығу жұмыстарын бірге өткіземіз. Бұл «сарықұрлық» додасына соңғы дайындығымыз болмақ. Олармен Астанада қызықты жекпе-жектер болады», - деп атап өткен еді.