Үндістан мен Пәкістан үшін ашық диалог дағдарыстан шығудың жалғыз қолайлы жолы - ҚР СІМ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР СІМ Үндістан мен Пәкістан арасындағы әскери-саяси жағдайдың шиеленісуіне байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазақстан Үндістан мен Пәкістан арасындағы әскери-саяси жағдайға байланысты алаңдаушылық білдіреді.

Қазақстан екі ел арасындағы ашық және конструктивті саяси-дипломатиялық диалог қазіргі дағдарыстан шығудың жалғыз тиімді және қолайлы жолы деп санайды.

Қазақстан тараптарды, ең алдымен, ахуалдың одан әрі ушығуын алдын алу үшін аймақтық және жаһандық қауіпсіздіктің негізгі мүдделеріне негізделген барынша сабырлылық пен халықаралық құқық нормаларын сақтауға шақырады», - делінген мәлімдемеде.


Еске сала кетсек, Пәкістан Республикасы әуе кеңістігінің бүкіл халықаралық әуе сапарларына жабықтығы себепті «Эйр Астана» әуе компаниясының Дели - Алматы бағытындағы 27 ақпанға жоспарланған рейсі кейінге қалдырылған болатын.

Соңғы жаңалықтар