Үндістан Олимпиада ойындарынан шеттетілді

Бұл туралы Lenta.ru Associated Press агенттігіне сілтеме жасап хабарлап отыр.
Үндістан спортшылары енді халықаралық жарыстарда, соның ішінде Олимпиада ойындарында өз елдерінің намысын қорғай алмайтын болды. Сонымен қатар елдегі Ұлттық олимпиада комитеті (ҰОК) ХОК тарапынан берілетін субсидиялардан қағылып отыр. Ал үнді шенеуніктері ХОК аясындағы спорттық шараларға қатыса алмайды.
Үндістан елдегі ҰОК жұмысына мемлекеттің араласқаны үшін жазаланды. Билік 5 желтоқсан күні өткелі отырған ҰОК сайлауының нәтижелеріне өз ықпалын жасауға талпынуда. Әу баста сайлау 25 қарашада өтуі тиіс болған. Алайда сайлау комиссиясының төрағасы мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қысымға қарсы қадам ретінде өз лауазымынан кетті, осылайша, датаны шегеруге тура келді.
ХОК Үндістанның ҰОК атқарушы комитетінің мүшесі Сурша Калмадиді қудалауға ұшыратқан сол елдің үкіметін бірнеше рет сынаған болатын. 2011 жылдың сәуірінде Калмади жемқорлыққа қатысы бар деген күдікпен қамауға алынды. Кейін 2012 жылдың қаңтарында босатылды. Енді Калмади Үндістанның ҰОК басшысы лауазымына сайлануға үмітті, дегенмен, үнді үкіметі жемқорлыққа қатысты айыпталып отырған оның кандидатурасына қарсы шығуда.