Үндістан Өзбекстанға Бабыр жазбаларының көшірмесін берді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Өзбекстан сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов бастаған делегация 21 тамыз күні Делидегі Үндістан ұлттық музейіне барды, деп хабарлайды gazeta.uz .
Музейде 200 мың Үндістан мен шетелдік өнер туындылары сақталуда. Орталық Азиядағы, негізінен Бабыр дәуіріне байланысты заттарға арнайы галерея арналған.
Мемлекет басшысының өзбек халқынының тарихи және мәдени мұраларын елге қайтару туралы тапсырмасы бойынша Өзбекстан елшілігі үндістандық тараппен Захриддин Мухаммад Бабырдың 1528 жылы жарық көрген «Диван-и-Бабур», ақынның өз қолымен жазған рубайлары, сондай-ақ 1640 жылы шыққан «Дар Шикох ханзаданың үйлену тойы рәсімі» миниатюрасы сияқты музейде сақтаулы тұрған қолжазбаларының көшірмелерін өзбек тарапына ресми беру мәселесін мақұлдасты.
Үндістан ұлттық музейінің бас директоры Будха Рашми Мани өзбек делегациясына аталмыш қолжазбалар мен миниатюралардың көшірмесін ресми табыстады. Енді ол Өзбекстан мемлекеттік тарихи музейіне қойылады.