Үндістан, Пәкістан және Иран ШЫҰ құрамына кіре алады - Н.Назарбаев

АСТАНА. ҚазАқпарат -- Үндістан, Пәкістан және Иран ШЫҰ құрамына кіре алады. Бүгін Астана экономикалық форумының жалпы отырысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлім етті.
None
None

«Маусым айында Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының кездесу, сессиясы өтеді. Ұйымға Үндістан мен Пәкістанның, бұған қоса мүмкін Иранның да қабылдануы туралы мәселе көтеріледі. Яғни, ШЫҰ-ға мүше елдердегі адам саны 3 млрд-қа жетеді», - деді Елбасы.

ҚР Президентінің атап өтуінше, бүгінде әлем жол айырығында тұр. Ал жаһандық одан ары даму жолы қай жолмен жүретіндігі көп жағдайда барша әлемдік қоғамдастықтың бірлескен, нақты іс-қимылына байланысты орын алады.

«Біздің көзқарасымызша, одан ары даму жүруі мүмкін жолдың бірі - бұл әлемдік экономиканың фрагментациясы. Қазіргі уақытта үкіметтер мен орталық банктердің экономикалық белсенділікті жандандырудағы мүмкіншіліктері барынша азая түсуде. Мұндай жағдайда тамыр-таныстыққа бой алдыру, сыртқы әлемнен тұйықталу мүмкіншілігі өте зор. Біз мұндай саясаттың көптеген жекелеген үлгілерін көрдік. Бұл ДСҰ-ның орнына жекелеген сауда бөгеттері қоюға, капитал қозғалысына шектеу енгізуге, өзара санкцияларға, саудаға кедергілерді кеңейтуге қатысты», - деді Н.Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар