Үндістан премьері ресми сапармен Пәкістанға баруға келісті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди Пәкістанның премьер-министрі Наваз Шарифтің 2016 жылы сапармен келу туралы шақыруын қабыл алды, деп хабарлады ВВС агенттігі.

Үндістан премьері ресми сапармен Пәкістанға баруға келісті

Сәуір айында Үндістан пәкістандық тарапты өзінің ішкі ісіне араласты деп айыптаған соң екі ел арасындағы қатынас қайта бұзылды.

Шариф Модиді келесі жылы Исламабадта өтетін Аймақтық ынтымақтастықтың Оңтүстік Азия қауымдастығының саммитіне қатысуға шақырды. Бұл Модидің премьер лауазымындағы Пәкістанға баратын алғашқы сапары болмақ. Жұма күні Моди мен Шариф Уфадағы БРИКС саммитінің алаңында келіссөздер жүргізді. Бұл екі премьердің өткен жылдың мамыр айында болған Моди инаугурациясынан кейінгі алғашқы кездесуі. Екі ел тәуелсіздікке ие болған 1947 жылдан бері бір елдің лидері екінші ел басшысының ұлықтауына алғаш рет қатысқан.