Үндістан соңғы екі күнде BrahMos зымыранын екі рет сынақтан өткізді

 АСТАНА. ҚазАқпарат  -  Бүгін Үндістан Қарулы күштері Ресеймен бірлесіп жасалған «жер-жер» санатындағы алысқа ұшатын  BrahMos  қанатты ракетасының жаңғыртылған нұсқасын сынақтан өткізді. 
None
None

Бұл соңғы екі күнде жасалған екінші сынақ.

Армия өкілдері зымыранның ұшырылымы Үнді мұхитындағы Андаман және Никобар аралдары аумағында жүзеге асырылғанын хабарлады. Үндістандық First Post газетінің жазуынша,  ракета көздеген нысанаға жетті.

Үндістан әскері осындай сынақты сейсенбі күні де өткізген болатын. Бүгінгі   ұшырылым сәтті өткен 5-інші сынақ. 

Соңғы жаңалықтар