Үндістан спортшылары Сочи олимпиадасының ашылуында мемлекеттік тусыз сап түзеп өтеді

АСТАНА. 10 қаңтар. ҚазАқпарат - Үндістанның олимпиадалық қауымдастығы тарабынан орын алып отырған бюрократиялық кедергілердің салдарынан осы елдің спортшылары Сочи олимпиадасының ашылу салтанатында ортақ олимпиадалық ту астында сап түземек, деп хабарлады The Time.

Үндістан спортшылары Сочи олимпиадасының ашылуында мемлекеттік тусыз сап түзеп өтеді

Басылымның ақпаратына қарағанда, үндістандық спортшылар өздерінің олимпиадалық қауымдастықтарының бей-жайлығына күйіп-түсіп, терілеріне сыймай жүрген көрінеді. Ал даудың басы мынада, 2012 жылдың желтоқсан айында Үндістанның олимпиадалық қауымдастығы жемқорлық жанжалға орай басы пәлеге қалып, соның салдарынан Халықаралық олимпиада комитеті бұл елдің мүшелігін уақытша тоқтатып тастаған болатын. Содан кейін Халықаралық олимпиада комитеті Үндістанға осы жылдың 7 ақпанына дейін жаңа басшылыққа дауыс беруге кеңес берген-ді. Алайда, жайбасарлыққа салынған үнділіктер дауыс беру рәсімін Сочи олимпиадасының ашылу рәсімі өткеннен кейін, яғни 9 ақпанға белгілеп отыр. Міне, соның салдарынан Үндістан спортшылары 4 жылда бір мәрте өтетін ірі спорттық доданың ашылу салтанатында ортақ олимпиадалық ту астында сап түзеп өтуге мәжбүр.