Үндістан тұрғыны 14 туысын өлтіріп, өз-өзіне қол салды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 35 жастағы Үндістан тұрғыны Хансил Варекар өз жанұясының 14 мүшесін пышақтап, кейін өз-өзіне қол салды, деп хабарлады жергілікті полиция.

Үндістан тұрғыны 14 туысын өлтіріп, өз-өзіне қол салды

Қайғылы оқиға Мумбаидан солтүстік-шығысқа қарай 30 шақырым жерде орналасқан Тхан қаласында орын алды.

Полиция ақпаратынша, сенбі күні кешке Варекар жанұясында мерекелік жиын болған.

Үйдегі адамдар ұйықтаған кезде ер адам есікті жауып, әйелін, сегіз баласын, үш әпкесі мен ата-анасын пышақтап өлтірді. Кейін өзі асылып қалған. Қылмыскердің бір әпкесі ғана аман қалды, оның айқайлаған дауысын көршісі естіген.

Есік жабық болғандықтан, көршілер терезені сындырып кірген. Полицияны шақыртып, жапа шегушінің үйден шығуына көмектесті.

Жарақаттанған қызды жақын маңдағы ауруханаға жеткізді. Ол қатты есеңгіреп қалған.

Қылмыс себептері әзірге белгісіз. Варекар мерекелік шараларды ұйымдастырушы болып жұмыс істеген көрінеді.