Үндістан үкіметі шетелдіктердің елге кіру жүйесіне өзгерту енгізбек

АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістан үкіметі жақын арада шетелдіктердің елге кіру жүйесіне өзгертулер енгізеді. 180 ел визаны елге кіргеннен кейін барып алатын болды. Бұл туралы РИА "Новости" жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап хабарлады.

Үндістан үкіметі шетелдіктердің елге кіру жүйесіне өзгерту енгізбек

Газет деректеріне қарағанда, арнайы қызметтер шамамен 10 елден (мәселен, Пәкістан) басқа мемлекеттерге визаны елге кіргеннен кейін беруге келіскен. Сәрсенбі күні бұл мәселе Үндістан комиссиясының жоспарлы отырысында қаралмақ. Бұрын 40-қа жуық елмен визалық режім өзгереді деп хабарланған, ал бүгін оның саны 180-ге жетті. Жаңа кестеге сәйкес, шетелдіктер Үндістанға ұшар алдында визаны алу үшін өтініш жазып жіберуі тиіс. Ал үндістандық дипломатиялық миссияларға бару міндеттелмейді. Үндістанға кіру рұқсаты өтініш берілген соң 2-3 күннен кейін беріледі. Виза туристерге әуежайда беріледі. Туризм министрлігі елге келетін туристердің санының артуына байланысты ірі халықаралық әуежайларда қосымша 10 рәсімдеу орнын ашуды көздеп отыр. Бүгінде визаны 11 ел алуда. Оның ішінде Вьетнам, Жаңа Зеландия, Жапония бар.