Үндістан зауытынан шыққан улы газдан 8 адам көз жұмды

Апат Вишакхапатнам қаласындағы полимерлер өндіретін зауытта болды. Оқиға жергілікті уақыт бойынша сағат 03:00 шамасында, LG Polymers Ltd компаниясының зауытында болған.
Жергілікті дәрігерлердің айтуынша, ауруханаға көздері ашып, тыныс алуы нашарлаған жүздеген адам жеткізілген. Hindustan Times газеті ресми сайтында қаза болғандар арасында екі әйел мен бір бала бар екенін хабарлады. Басылым сондай-ақ, улы газдың шығуы салдарынан жүздеген емес, мыңдаған адам зардап шеккенін жазды.
Hindustan Times газетінің хабарлауынша, газ жақын аумақтағы 20 кентке тарап, ондағы тұрғындардың өздерін нашар сезінуіне себеп болғанын атап өтуде.
BBC мәліметінше, улы газ шыққан зауыт Үндістанның коронавирус пандемиясына байланысты карантин режимін енгізген 24 наурыздан бері бүгін ғана қайта ашылған.