13:34, 16 Маусым 2010 | GMT +5
Үндістан жағалауларында бірнеше күшті жер сілкіністері болды
АСТАНА. Маусымның 16-сы. ҚазАқпарат - Үндістан жағалауларында Рихтер шкаласы бойынша 6,4 балдан 7 балға дейін бірнеше күшті жер сілкіністері болды.

РБК-ның хабарлауынша, бірінші жер сілкінісі (Рихтер шкаласы бойынша 6,4 балл) Үндістандағы Папуа ауданынан 165 шақырым жерде, ал оның кіндігі 25,1 шақырым тереңдікте болған. Рихтер шкаласы бойынша 7 балдық екінші сілкініс сол Папуа ауданынан 195 шақырым жерде болған, оның кіндігі 28,8 тереңдікте орналасқан.