Үндістанда 116 адам қаза тапқан ғибадатханадағы өртке қатысы бар жеті адам ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістан полициясы Керала штатында салдарынан 100-ден астам адам қаза тапқан ғибадатханалардың біріндегі өртке қатысы бар деген күдікке ілінген жеті адамды ұстады, деп жазады Би-би-си.

Үндістанда 116 адам қаза тапқан ғибадатханадағы өртке қатысы бар жеті адам ұсталды

Болған оқиғадан кейін іздеу салынған ғибадатхана комитетінің жеті өкілі жергілікті билікке өздері келгені хабарланып отыр.

Тергеу қорытындылары бойынша, оларға өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы кесілуі мүмкін.

Қайғылы оқиға отшашулар атылатын діни фестиваль кезінде орын алған. Алдын ала мәліметтер бойынша, өрттің шығуына отшашулар себеп болды.

Полиция ғибадатхана комитетінің тағы сегіз мүшесі мен отшашуларды атуға қатысы бар басқа адамдарды іздеуде.

Соңғы мәліметтер бойынша, өрт салдарынан 116 адам қаза тауып, 380-нен астамы зардап шеккен.