Үндістанда 179 жастағы қарт табылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістанда 1835 жылы дүниеге келген қарт адам өмір сүруде.
Махашта Мурасидің айтуынша, ол Бангалорда дүниеге келген. 1903 жылы Варанасиге қоныс аударған. 1957 жылға дейін етікші болып жұмыс істеп, зейнеткерлікке құрметті жас - 122-ге келгенде шыққан.
«Немерелерім баяғыда дүние салған. Мені өлімнің өзі ұмытып кеткен сыңайлы», - деп ағынан жарылды Мураси. - Өлуге деген үмітім де жоғала бастады. Мүмкін ажалсыз шығармын».
Оның рекордтық жасын анықтау мүмкін болмады. Туу туралы куәлігі де, төлқұжаты да жоқ, не тиісті мекемелерде тіркелмеген.