Үндістанда 2 мың жылдық тиын ақшалар табылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Наургангабад елді мекенінде шығарылғанына 2000 жыл болған ежелгі тиындар табылды. Ескі мыс тиындарды саз алу үшін жер қазған осы елді мекен тұрғыны тауып алыпты.
Ол тиындарды полицияға апарып көрсетеді. Ал тәртіп сақшылары ақшаның өте ескі екендігін көріп, археологтарды шақырған, деп хабарлайды 24.kz. Мамандар тиындарды қарап шығып, жәдігерлердің Маурья империясына (біздің дәуірімізге дейінгі 317-180 жылдар) қатысты екендігін анықтады. Ал жергілікті тұрғындар ондағы салынған бейнелердің ежелгі король Ашокаға қатты ұқсайтынын айтуда. Мұнымен қоса, бұл ауданнан осы кезге дейін де ежелгі заттар табылған, деп жазады epochtimes.ru.