Үндістанда 22 адам көпірде болған қыспақтан ажал құшты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістанның Мумбай қаласында теміржол вокзалындағы жаяу жүргіншілер көпірінде адамдар арасында туындаған қыспақ салдарынан 22 адам мерт болып, тағы 39-ы жарақаттанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.
None
None

Хабарланғандай, оқиға жергілікті уақыт бойынша сағат 10:40-та болған. Аяқ астынан нөсерлі жауын құйған. Қызметтік пойызға отырмақ болған халық жаңбырдан тығылу мақсатында көпірдің астына ағылған, салдарынан адамдар арасында қыспақ басталған.

Үндістанның Теміржол министрлігі зардап шеккендердің ем-дом шығынын өз мойнына алатынын және оқиғаның мән-жайына тексеріс жүргізетінін мәлім етті. Бұл ретте, ел үкіметі мен министрлік қаза болғандардың отбасыларына - 500 мың рупийдан, ауыр жарақаттанғандарға - 100 мың рупийдан және жеңіл зардап шеккендерге 50 мың рупийдан беретін болып шешілген. 

Соңғы жаңалықтар