Үндістанда 30-дан астам тәуап етушілер жол-көлік апатында көз жұмды

АСТАНА. 16 маусым. ҚазАқпарат - Үндістанның Махараштра штатында Ахмеднагар округіндегі Ширди Саибаба мүсініне ғибадат етуге бара жатқан 30-дан астам тәуап етушілер мінген автобус Османабад көпірінен құлап кетті.

Үндістанда 30-дан астам тәуап етушілер жол-көлік апатында көз жұмды

20-ға жуық адам әртүрлі деңгейде жарақат алды, деп хабарлады Би-Би-Си.

Штаттың полициясы қазіргі уақытта қаза болғандардың жеке тұлғасын анықтаған жоқ.

Тәуап етушілердің туыстары Хайдерабад қаласынан келіп сапарды ұйымдастырған туристік агенттіктің кеңсесіне жиналды. Олар жақындары туралы толық ақпаратқа ие болмайынша кетпейтіндіктерін айтты.

Апаттың себебі белгісіз болып отыр.