Үндістанда 32 турист мінген автобус өзенге құлап кетті

АСТАНА. 5 қараша. ҚазАқпарат - Үндістанның Кашмир бөлігінде туристер мінген автобус өзенге құлап кетті. Автобуста барлығы 32 жолаушы болған.

Үндістанда 32 турист мінген автобус өзенге құлап кетті

Бес адамның денесі табылды, екі адам аман қалды, қалғандарының барлығы із-түссіз жоғалғандар қатарында, деп хабарлайды Утро.ру.

Жол апаты Джамму қаласынан 170 шақырым жерде болған, автобус Пул-Дода-Тхатхрир кестесі бойынша тар жолда келе жатып, жолдан шығып кеткен. «Біз автобус жолдан шығып кетіп, Ченаб өзеніне құлағанда оның ішінде 32 жолаушы болғанын білеміз. Екі адам өздігінен шыққан», - делінеді Дода полиция басқармасының мәлімдемесінде.